Вена келісімі аясында Қазақстанның Қарулы Күштерінің нысандарында халықаралық инспекция болып қайтты
АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - «1999 жылғы сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Вена құжаты келісімінде көрсетілген» ережелерге сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінің ведомстволарында халықаралық инспекция болды.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлады.
Атап айтқанда, Швейцария инспекторының қатысуымен Францияның инспекциялық тобы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының басқармасында және № 85395 әскери бөлімінде болды. Тексерудің мақсаты - өңірде орналасқан қазақстандық әскери бөлімдермен танысу.
Тексерушілерге арналған брифингке ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақты қысқартуды және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталықтан полковник Анарбек Ахметалин, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Сұлтан Камалетдинов, жедел басқарманың офицерлері, № 85395 әскери бөлімнің командирі полковник Қайдар Қарақұлов қатысты.
Брифинг барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен № 85395 әскери бөлімінің өкілдері, әскерилердің қазіргі кезеңдегі тапсырмаларымен және жауынгерлік дайындық мәселелері, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтың құрылу тарихы мен инфрақұрылымы туралы, жеке құрамның халықаралық жаттығуларға қатысуы, қызмет пен спортта жеткен жетістіктері жөнінде хабардар етті.