Вена: Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының VIII сессиясында сөйлеген сөзі жиынға қатысушылардың назарын аударды

ВЕНА. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Бұдан бұрын хабарлағандай, Венада өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясының VIII сессиясы барысында, «Хофбурк» сарайында қазақстандық делегацияның басшысы, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таныстыруымен Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа әзірлігі барысының арнайы таныстырылымы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қ.Тоқаевтың ағылшын тілінде жасаған баяндамасы шараға қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Баяндама ерекше ынта-ықыласпен тыңдалды және қатысушылар тарапынан жақсы лебіздер айтылды. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Жоао Суареш, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрметті төрағасы Йоран Ленмаркер және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Киммо Кильюнен сөз сөйледі. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшылары Қазақстанның алдағы төрағалық міндетіне үлкен дайындықпен келе жатқанын атап көрсетті. «Еуропаға жол» бағдарламасының негізгі тарауларына жоғары баға берілді, Орталық Азияда ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаларын нығайту, Ұйым географиясындағы аймақтың маңызы мен ролін арттыру жөніндегі Қазақстанның ерік-жігері атап көрсетілді. ЕҚЫҰ ПА өкілдерінің пікірінше, «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының кешенді және негізді жүзеге асырылуы Қазақстанға экономиканы анағұрлым әртараптандыруға, заманауи технологиялар мен инвестициялар кеңінен тартуға, халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар