Венада ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік саласындағы проблемаларына шолу жөніндегі жыл сайынғы конференция өтеді
аусымның 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Маусымның 14-16-сы күндері Венада қазақстандық төрағалықтың басшылығымен ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік саласындағы проблемаларына шолу жөніндегі жыл сайынғы конференциясы өтеді. Бұл туралы дүйсенбідегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, конференцияда еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің трансұлттық қауіптермен күрестегі, сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективасы, қайшылықтардың алдын-алудағы және реттеудегі ұйымның рөлі талқыланатын болады. «ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарт төңірегіндегі жағдайға байланысты қарулануды бақылу режиміндегі дағдарыстан шығудың ықтимал жолдарын талқылайды. Жеке жұмыс сессиясы аясында Ауғанстандағы жағдай және аталмыш елді қалыпты өмірге қайтару жөніндегі әрекетке ЕҚЫҰ-ның қатысуын белсендіру перспективасы талқыланатын болады», деді А. Әбдірахманов.
Оның айтуынша, аталмыш шараға Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының Қазақстандағы арнайы өкілі Констинтин Жигалов бастаған делегация қатысады.