Венада ЕҚЫҰ-ның Жерорта теңізі аймағындағы серіктестермен ынтымақтастық жөніндегі тобының мәжілісі өтті

ВЕНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Ақпанның 27-сінде Венада Қазақстанның төрағалығымен ЕҚЫҰ-ның Жерорта теңізі аймағындағы серіктестермен ынтымақтастық жөніндегі тобының ағымдағы жылғы бірінші мәжілісі өтті.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанындағы өкілдігінен хабарлады. Жерорта теңізі өңіріндегі серіктестермен өзара іс-қимыл ЕҚЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және бұл ынтымақтастық мүдделер саласын, сондай-ақ ығыттар мен қауіп-қатерлерге қарсы күресті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірілген іс-қимылдардың мүмкіндіктерін анықтауға бағытталып отыр. Қарым-қатынас тобының төрағасы ретінде сөз сөйлеген Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Әбдрахманов, Еуропа, Таяу Шығыс, Магриб және Орталық Азия елдері халықтарының өзара іс-қимылдарының тарихи тамыры терең екенін атап көрсетті. Аталған аймақ елдерінің арасында мәдени өзара кірігу және өзара баю үрдістері тұрақты болып тұрған. Вена кездесуінде қарым-қатынас тобының ағымдағы жылға жасалған жұмыс жоспарының жобасы бойынша пікірлер алмасылды. Әсіресе, бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың маңыздылығы атап көрсетілді. Мәжіліске қатысушылар Ұйымның Жерорта теңізі өңіріндегі серіктестерінің қатысуымен Астанада төзімділік және діни сенім бостандығы мәселесіне арналған ЕҚЫҰ семинарын ұйымдастыру туралы Қазақстанның ниетіне қолдау білдірді. Бұл шараны ағымдағы жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезі қарсаңында маусымның 30-ында өткізу жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар