Венада Ердоғанды қолдау шеруінен соң Түркия елшісі жауапқа шақыртылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қолдау білдіру мақсатында өткен шеруге байланысты Австрия билігі Түркия елшісінен түсіндірме талап етті, деп хабарлады Австрия СІМ басшысы Себастьян Курц. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
«ORF» радиостанциясының сұхбатында Себастьян Курц Түркиядағы болмай қалған мемлекеттік төңкерістен кейін Ердоғанды қолдайтын акциялар өткізуге Стамбұлдың қатысы бар-жоғын Елші түсіндіруі керек екенін айтты.
«Бізде, Венада өткен Ердоғанды қолдау шеруі тікелей Түркияның ұйымдастырғаны, ол туралы айғақтар бар... әрине, мұндай әрекеттерге жол жоқ, біз де өз қарсылығымызды білдіргіміз келеді», - деп мәлімдеді Курц.