Венада Кеңес әскерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Австрия астанасының орталығындағы Шварценберг алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына орай Кеңес әскері ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
None
None

Салтанатты шараға ТМД-ның мүше мемлекеттері дипломатиялық миссияларының және Гитлерге қарсы колаиция елдерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Біздің еліміздің дипломатиялық өкілдігінің атынан Қазақстанның Венадағы БҰҰ жанындағы халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілі, Елші Қайрат Әбдрахманов пен әскери атташе, полковник Арман Әкішев гүл шоғын қойды.

Австрияны фашистік басқыншылардан азат етуде 100 мың кеңестік жауынгерлердің ерлікпен қаза тапқаны белгілі, олардың арасында қазақстандықтар да болған.

Соңғы жаңалықтар