Венада ҚР дипломатиялық қызметі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарарт - Қазақстан Республикасының Венадағы Елшілігінде 1 шілдеде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күніне арналған салтанатты жиналыс болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтауға Аустрияның ғылым, зерттеу және экономика вице-министрі-Казақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының тең төрайымы Б. Гирлингер, аустриялық қоғамдық-саяси және іскер ортаның көрнекті өкілдері, Аустрияның СІМ, атқарушы құрылымдардың басшылары және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін Қазақстанның азаматтары, Аустриялық-Қазақстандық қоғам мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері құттықтауға келді.
ҚР Аустриядағы Елшісі - Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай кездесуді ашу кезінде қонақтарды 2016 жылғы 28 маусымда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен, нәтижесінде Қазақстан Республикасы 2017-2018 жылдарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесіне сайлануы бойынша дауыс беру қорытындысы туралы ақпараттандырды. Бұл оқиға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшіл сындарлы сыртқы және ішкі саясаты халықаралық қоғамдастықта үлкен сыйластыққа ие екенін растайтынын атап өтті.
Елші жиналғандарды Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары және маңызды халықаралық бастамалары, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Әлем. 21 ғасыр» Манифесіне баса көңіл аударылды.
Аталған іс-шара барысында қонақтар ҚР-дің Вена халықаралық алаңындағы қызметінің негізгі бағыттарымен, Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен өзара әрекеттесуімен және қазақстандық-аустриялық және қазақстандық-словендік қарым-қатынастарының өзекті ахуалымен таныстырылды.
Аустрияның музыкалық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер қонақтарға және қазақстандық дипломаттарға өз өнерлерін көрсетті.