Венада өткен Сирия жөніндегі министрлік кездесудің нәтижелерін Қазақстан құптайды - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы Істер министрлігі Вена қаласында 14 қарашада өткен Сирия жөніндегі екінші министрлік кездесудің қорытындысы бойынша мәлімдемесін жария етті.

Венада өткен Сирия жөніндегі министрлік кездесудің нәтижелерін Қазақстан құптайды - ҚР СІМ

«14 қарашада Венада өткен Сирия жөніндегі министрлік кездесудің нәтижелерін Қазақстан құптайды. Оның барысында 2012 жылғы 30 маусымдағы Женева коммюникесі негізінде Сириядағы дағдарысты реттеудің бейбіт үдерісін қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай келісімдерге қол жеткізілді. Сириялық дағдарысты реттеуге атсалысып жүрген, соның ішінде САР Үкіметі мен оппозиция күштерін Сирияда тез арада оқ атуды тоқтатуға, коалициялық үкімет құруға, жаңа Ата заң қабылдау мен барлық сириялық азаматтардың қатысуымен 18 ай ішінде жалпыға ортақ сайлау өткізуге бағытталған Вена-2 бастамаларын толығымен жүзеге асыруға шақырамыз. Келіссөздер қатысушылары, соның ішінде Таяу Шығыстағы РФ, АҚШ, ЕО және басқа да маңызды факторлар арасында аса маңызды мәселелер бойынша кең ауқымды консенсусқа келуін ерекше атап өтіп, бұл әсіресе жақында Иракта, Түркияда, Ливанда және Францияда орын алған террористтік актілер асында қазіргі заманғы басқа өзекті мәселелерді ғаламдық қауіпсіздік үшін шешуге үлгі болады. Қазақстан 2015 жылғы мамыр және қыркүйек айларында бірқатар сириялық оппозициялық топтарына келіссөздер өткізуге алаң ұсынып, Сириялық дағдарысты реттеуге өзінің айтарлықтай үлесін қосты», делінген хабарламада.