Венадағы алып сағат «Евровидение-2015» байқауының басталуына дейін қалған уақытты санауға кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венаның орталығындағы алып сағат 8 қаңтарда «Евровидение-2015» халықаралық ән байқауының басталуына дейінгі уақытты санауға кірісті, деп хабарланған байқаудың ресми сайтында.

Ратуша алаңындағы жарық диодтарымен жабылған 8 метрлік стела "Евровидение-2015" байқауының ақтық кезеңіне дейін 135 күн қалғанда орнатылды. Мұнараның жалпы салмағы - 4900 келі, ол атмосфералық құбылыстардың әсеріне төзімді, тіпті сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соғатын жел кезінде де қозғалмайды.

Жақында Еуропаның ең үлкен музыкалық шарасын өткен жылы қабылдаған Копенгаген қаласы мэрінің байқаудың символикалық кілтін «Евровидениенің» қазіргі иелеріне табыстау рәсімі өтеді.

Айта кетейік, «Евровидение-2015» ән байқауы Австрияның Вена қаласында өтпек. Байқаудың екі жартылай финалы 19 және 21 мамырда, ал финалы 23 мамырда болады. Халықаралық ән байқауына 39 елдің өнерпаздары қатысады. 19 мамырда өтетін "Евровидение-2015" байқауының бірінші жартылай финалында 16 елдің өнер өкілдері, ал 21 мамырдағы екінші жартылай финалында 17 елдің әншілері жұртшылық алдына шығады. 26 қаңтарда қай елдердің бірінші жартылай финалда, қай елдердің екінші жартылай финалда өнер көрсететіні белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram