Венадағы қазақстандық студенттер еліміздегі тұрақтылық, бейбітішілік пен біздің жастарымыздың болашағы үшін дауыс берді
ВЕНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Кеше, 3 сәуір күні Вена қаласындағы ҚР Елшілігінде ашылған №118 сайлау учаскесінде Орталық Еуропа уақытымен сағат 20.00-де президенттің кезектен тыс сайлауына дауыс беру аяқталды.
Елде тіркелген 151 сайлаушы арасында дауыс берудің алғашқы сағаттарында 139 азамат өз таңдауын жасады. Учаскелік сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 80 пайызы қатысқан.
Австриядағы сайлау учаскесінде өткен дауыс беру қорытындысы бойынша, ҚР Президентінің сайлауында 132 дауыс жинаған қазіргі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Президенттің кезектен тыс сайлау науқанына қатысқан Ғани Қасымов 4 дауыс, Мэлс Елеусізов 2 дауыс, Жамбыл Ахметбеков - 0 дауыс жинады.
Сайлау учаскесінің жанында әртүрлі бағдарлама бойынша Вена дипломатиялық академиясында білім алып жүрген қазақ студенттері журналистермен өз ойларын бөлісті. Солардың бірі 23 жастағы Темір есімді студент: «Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бердім. Мен тек еліміздің тұрақты дамуын, қоғамның гүлденіп, барлық қазақстандықтардың бейбіт өмір сүруін қазіргі Мемлекет басшысының жұмысымен ғана байланыстырамын», - деген ойын жеткізді.