Венадағы рождество жәрмеңкесі (ФОТО)

ВЕНА. ҚазАқпарат - Рождество - христиандық маңызды мерекелердің бірі. Батыс Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Азия, Австралияда тұратын католиктер оны 25 желтоқсанда атап өтеді.

   Венадағы рождество жәрмеңкесі  (ФОТО)

Католик әлемі орталықтарының бірі - Вена Рождество кезеңінде Еуропаның ең көркем, салтанатты қалаларының біріне айналады. Біздің арнайы тілші Австрия астанасынан арнайы репортаж ұсынады.

Ең ірі жәрмеңке Венада қалалық Ратуша саябағындағы бас алаңда орналасқан. Ресми деректерге сүйенсек, мерекелік кезеңде оған күн сайын 60 мыңға жуық адам барады. Үлкен шырша, әсем безендірілген көше шынымен де ертегі әлемін еске салады.

Жәрмеңкеде әдемі кәдесыйлар, жаңа жылдық ойыншықтар сатып алуға болады. Қуырылған талшын дәмін татып көру ұсынылады. Ол тәтті әрі пайдалы. Сондай-ақ австриялық картоп пен қышқыл қырыққабат сатылады.