Венеция кинофестиваліне 23 картина қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропада Венеция халықаралық кинофестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Венеция кинофестиваліне 23 картина қатысып жатыр

Негізгі байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 23 картина қатысып жатыр. Оның 13-і Еуропада шыққан.

Италия, Франция және Ұлыбритания ұсынған таңдамалы фильмдер легі француз режиссері Флориан Зеллердің «Ұл» драмасымен басталды.

Бұл фильм ата-анасының ажырасуына байланысты депрессиямен күресіп жүрген 17 жасар бала мен әкесі арасындағы қарым-қатынас жайында баяндайды.

Сондай-ақ, негізгі бағдарламаға «Моника» фильмі кірді.

Бұл - режиссер Андреа Паллаороның төсек тартқан анасына күтім жасау үшін үйіне оралған трансгендер әйел туралы түсірген америкалық-итальяндық драма.

Басты рөлде - актер Трейс Лисетта.

«Netflix» стриминг платформасы шығарған фильмдер де «Алтын арыстанға» үміткер. Биыл «Netflix» венециялық кинобайқауда төрт фильмін ұсынды.




Фото: ru.euronews.com