Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстаны» оңтүсіккорейлік режиссерге бұйырды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - 69-шы Венеция кинофестивалінің бас жүлдесі «Алтын арыстан» оңтүсіккорейлік режиссер Ким Ки Дуктің «Пьета» фильміне берілді.

Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстаны» оңтүсіккорейлік режиссерге бұйырды

Мұндай шешімді қазылар алқасының барлық мүшелері бірауыздан қолдады, деп хабарлады Росбалт.

Ал кинофестивальдің арнайы жүлдесі Спайк Лиге бұйыратындығы белгілі болған еді. Режиссер заманауи кинематографияның дамуына қосқан зор үлесі үшін  Jaeger-LeCoultre Glory to the Filmmaker наградасымен марапатталды. Награда Спайк Лидің  Майкл Джексонның танымал "Bad" альбомының 25 жылдығына арнайы түсірген  "Bad 25" жаңа деректі туындысының премьерасы көрсетілетін күні табыс етілді.