Венецияда 71-ші халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 71-ші халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері 6 қыркүйекте венециялық мүйістегі Лидо аралында жарияланатын болды.

Венецияда 71-ші халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланады

Беделді конкурстың басты марапаттары - «Киелі марктің «Алтын» және «Күміс» арыстан» мүсіні, Гран-при мен әділқазылардың арнайы жүлдесінен 20 туынды үмітті.

Алғашқы күннен бастап ресми емес рейтингте 10-күндік шығармашылық марафонды ашқан мексикалық режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Бёрдмені" (Birdman) бірінші орынды еншілеп отыр. Сондай-ақ аса ерекше, бірегей туынды - 60-жылдардағы Индонезиядағы жаппай кісі өлтірудің бұлыңғыр фактілері жайындағы даниялық Джошуа Оппенхаймердің "Взгляд тишины" (The Look of Silence) деректі лентасы да басты үміткерлердің бірі.

"Вольпи кубогына" ең үздік ер адам рөлі үшін бірнеше танымал әртістер бақ таластырады, олар америкалық Аль Пачино ("Манглхорн", Manglehorn), Уиллем Дефо ("Пазолини", Pasolini), Итан Хоук ("Хорошее убийство", Good Kill), Виго Мортенсен ("Вдалеке от людей", Loin des hommes) және итальяндық Элио Джермано ("Невероятный молодой человек", Il giovane favoloso).

Ал "Вольпи кубогына" әйел рөлінің жеңімпазын таңдау біршама қарапайым. Бақылаушылардың пікірінше, Шарлотта Генсбурдың ("Три сердца", 3 coeurs) мүмкіндігі жоғары.