Венецияда донермен күрес басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венеция билігі көшеде шаурма сататын жаңа нүктелердің ашылуына тыйым салып, пиццаны бөлікпен сататын қоғамдық тамақтану орындарының санына шектеу қойды, деп жазады The Guardian.
None
None

Мұндай заң қаладағы мәдени мұраларды сақтауға бағытталған.

«Біз Венецияның мәдени мұраларын сақтауға қайшы келетін қызмет түрлерін шектегіміз келеді», - деп мәлімдеді қалалық туризм департаментінің басшысы Паола Мар.

Венеция жыл сайын миллиондаған туристерді қабылдайды. Бұл, әрине, қалаға әсер етпей қоймасы анық. Осыған орай, билік Венецияның бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін сақтап қалу үшін түрлі шаралар қолданып жатыр. Бұған дейін Верона мен Флоренцияда фаст-фудтың таралуын шектеу туралы осындай шаралар енгізілген еді.  

Соңғы жаңалықтар