21:04, 12 Қазан 2013 | GMT +5
Венесуэла американдық мұнай компаниясының кемесін ұстады
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Венесуэланың Әскери теңіз күштерінің кемесі Гайананың аумақтық суында американдық Anadarko мұнай компаниясының кемесін ұстады, деп хабарлады Би-би-си.

Оқиға Венесуэла өзінікі деп санайтын Эссекибо өзенінің сол жағалауына таяу аймақта орын алған. Осылайша Қарақастың пікірінше, Панама туының астында жүрген американдық мұнай компаниясының кемесі Венесуэланың аумағына заңсыз кірген.
Ішінде 5 АҚШ азаматы бар ұсталған кеме Маргарита аралының маңына әкелінді. Осы оқиға туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабардар етілді.