Венесуэла аспанында екі әскери ұшақ соқтығысты, адам шығыны бар
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - 22 қараша күні көрсетілімдік ұшулар барысында Венесуэла Қарулы күштерінің екі ұшағы соқтығысып қалды.
Оқиға елдің орталық бөлігіндегі Пало-Негрода орналасқан Қарулы күштер базасынан алыс емес жерде орын алды, деп хабарлады РБК.
Төтенше жағдайдың салдарынан ұшқыштардың біреуі қаза болды. Екіншісі аман қалды, оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
Оқиғаның себеп-салдары белгісіз. Тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлады EFE агенттігі.
Түсіп жатқан ақпараттарға қарағанда, апатқа ұшырыған ұшақтар Bronco OV-10 санатына тиесілі.