Венесуэла әуежайынан екі ұшақ айдап әкетілді
деп хабарлайды Utro.ru сайты EFE агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, жексенбі күні таңертең сот полициясының киімін киген бір топ қарулы адам Aereo Transporte La Montana әуе компаниясының ангарына басып кірген, олар күзетшіні байлап-матап, ал ұшақтарды айдап әкеткен.
Полицияның дерегі бойынша, ұрылар тәжірибелі ұшқыштар болған сияқты, себебі олар ұшақтарды арнайы ұшып-қону алаңына айдамай-ақ, ангар маңынан аспанға көтерген.
«Мұндай ұшақтарға отын әдетте таңертең, ұшардың алдында құйылады, бірақ дәл осы күні екі ұшаққа да отынның түнде құйылғаны анықталды», - дейді жергілікті полиция басшысы Мануэль Санчес. Оның айтуынша, ұшақтардың айдап әкетілуіне әуежай ұшқыштарының қатысы болуы мүмкін.