08:34, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Венесуэла Израиль Елшісінің елден кетуін талап етті
КАРАКАС. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – Венесуэла Газа секторындағы оқиғалардың салдарынан Израиль елшісін ел аумағынан аластатып отырған бірінші ел болып отыр.
Венесуэла өкіметі Израильдің халықаралық құқық нормаларын бұзуына байланысты дипломаттан ел аумағын тез тастап кетуін талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. Дереккөздің ақпараты бойынша, елшімен бірге Каракастан Израиль дипломатиялық миссиясының тағы бірнеше қызметкері кетеді.