Венесуэла мен Гайана территориялық даулар бойынша күш қолданбауға келісті

Гайана мен Венесуэла
Фото: Kazinform/ pexels

Гайана мен Венесуэла мемлекет басшыларының кездесуінен кейін шиеленістің өршуіне жол бермеуге, территориялық тұтастық мәселесі бойынша күш қолданбауға келісті.

Kazinform агенттігі бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Венесуэла мен Гайана Президентттері Николас Мадуро мен Ирфаан Али Каракастың Эссекибо провинциясына қарасты талабын талқылады. Аталған аймақтың кімге тиесілі екеніне қатысты дау XIX ғасырдан бері жалғасып келеді.

Мадуро мен Али территориялық дау бойынша шиеленістің өршуіне және қандай да бір күш қолдануға жол бермеуге келісті. Тараптар сонымен қатар Бразилияда кездесіп, арнайы комиссия құру туралы келісті.

Айта кетейік, Венесуэла мен Гайано арасындағы келіспеушілік бірнеше жыл бұрын, Эссекибо провинциясында мұнай мен газға бай кеніштер табылғаннан кейін пайда болды.

Желтоқсан айының басында Венесуэлада Эссекибо бойынша референдум өтті. Дауыс бергендердің 95% аталған өңірді қосып алуға дауыс берді. Гайана болса аталған шараның өтуін сынға алды.

Соңғы жаңалықтар
telegram