Венесуэла мен Колумбия шекарасын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Венесуэла мен Колумбия дипломатиялық текетіреске байланысты жабылған ортақ шекараны толығымен ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Венесуэла мен Колумбия шекарасын ашты

Шекара дағдарысы 2019 жылы Богота Каракастың Николас Мадуроны жаңа президенттік мерзімге қайта сайланғаны туралы ресми деректеріне күмән келтіргеннен кейін басталды. Содан кейін Венесуэла дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін жариялады.

Екіжақты қарым-қатынастардың жақсаруын Колумбияның бірінші солшыл президенті Густаво Петроның билікке келуімен байланыстырып отыр. Оның саясатының басым бағыттарының бірі аймақтағы халықаралық сауданы жандандыру болды.