Венесуэла: Наразылық салдарынан 10 млрд. доллар көлемінде шығын келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла үкіметінің есебінше, ақпан айынан бері осы елде жалғасқан жаппай наразылық акцияларынан келген шығын 10 млрд. долларға бағаланды.
None
None

Бұл жайында Венесуэла президенті Николас Мадуро мәлім етті.

«Бұны наразылық деп айтуға келмейді. Себебі, осы уақыт ішінде мүлікті бүлдіру мен лаңкестікке жол берілді»,-деді Мадуро. Осы орайда саясаткер наразылыққа шыққандардың Сан-Кристобаль қаласында Венесуэла қарулы күштерінің әскери оқу орнына өрт қоюын мысал ретінде келтірді. Естеріңізге сала кетейік, Үкіметке қарсы жаппай наразылықтар Венесуэлада ақпанның орта кезінде басталған еді. Ел Парламенті тәртіпсіздік барысындағы зорлық-зомбылықты тергеумен айналысатын арнайы «Әділдік комиссиясын» құрды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, акция барысында қаза болғандар саны 33-ке жетсе, оның ішінде 4-еуі әскери қызметкер. Сонымен қатар 79 әскери жарақат алды. Елдің Қорғаныс министрі Кармен Мелендес кісі өліміне кінәлілер жауап тартылатынын уәде етті, деп жазады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар