Венесуэла Оңтүстік Осетия мен Абхазияны таныды - У. Чавес

АСТАНА.  Қыркүйектің  10-ы.  ҚазАқпарат -     Уго  Чавес   бейсенбі күні   ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен болған  келіссөзде    Венесуэланың  Оңтүстік Осетия  мен  Абхазияның  тәуелсіздігін танитынын    мәлім етті, 

Венесуэла  Оңтүстік Осетия мен  Абхазияны    таныды -  У. Чавес

деп   хабарлайды  «РИА «Новости» агенттігі.

«Мен    мүмкіндікті  пайдалана  отырып,    Венесуэланың    Оңтүстік Осетия мен  Абхазия республикаларының  тәуелсіздігін   танығандарға қосылатынын    мәлім  еткім келеді»,  -  деді Чавес.    Ол,    Венесуэланың  бүгіннен бастап     барлық қажетті іс-шараларды   бастайтынын   атап  көрсетті.

Бұған дейін    екі  республиканың  тәуелсіздігін  екі ел - Ресей мен  Никарагуа ғана таныған   болатын.