Венесуэла оппозициясының жетекшісі қамауға алынғаннан кейін босатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Мария Корина Мачадо Венесуэла астанасы Каракастың шығысындағы наразылық акциясынан шығып бара жатқанында, атыс кезінде ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Венесуэла оппозициясының жетекшісі қамауға алынғаннан кейін босатылды
Фото: instagram/@mariacorinamachado

Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадо бейсенбіде босатылды, деп хабарлады оның Vente Venezuela қозғалысы.

Жұма күні президент Николас Мадуроны үшінші ұлықтау рәсімі алдында оған қысым көрсету мақсатында елде оппозиция шерулері өтті. Мачадо бірнеше ай ішінде алғаш рет көпшілік алдына шыққаннан кейін ұсталды. Оның одақтасы, президенттікке бұрынғы кандидат Эдмундо Гонсалесті оны дереу босатуды талап етті. Кейбір үкіметтер де бұл оқиғаны айыптады, деп жазды Reuters.

Vente Venezuela қозғалысы әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемеде хабарлағандай, Мачадо қамауға алынған кезде бірнеше бейне түсіруге мәжбүр болған.

- Мен қазір қауіпсіз жердемін және бұрынғыдан да берікпін, - деп жазды Мачадо босатылғаннан кейін X әлеуметтік желісінде. 

Ол жұма күні наразылық кезінде болған оқиғалар туралы егжей-тегжейлі баяндауға уәде берді.

Үкімет өкілдері, оның ішінде елдің ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо оның ұсталуын оппозиция қозғалысына қолдау көрсету үшін ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Оппозиция да, билік партиясы да өткен жылғы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеп отыр.

Елдің сайлау комиссиясы мен Жоғарғы соты шілдеде өткен дауыс беруде Мадуро жеңгенін мәлімдеп отыр, бірақ қорытындылар туралы әзірге толық мәлімет жоқ.

Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімге не кедергі екенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар