Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Венесуэла парламенті президент Мадуроны қызметінен босатып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла парламенті ел президенті Николас Мадуро «өз қызметін тастап кетті» деген қарар қабылдап, оны биліктен кетірудің аз-ақ алдында қалды, деп жазады «Хабар 24».

Венесуэла парламенті президент Мадуроны қызметінен босатып жіберді

Заң бойынша парламенттің мұндай шешімі президентті лауазымынан босатуға негіз бола алады. Алайда Жоғарғы сот Ұлттық ассамблеяның қаулысын заңсыз деп, оның күшін жойды.

Заң шығарушы органның мұндай қадамға баруына елде бірнеше жыл жалғасып келе жатқан экономикалық дағдарыс түрткі болса керек. Оппозиция осы үшін қазіргі билікті сынға алып келеді. Ал Президент Мадуро «дағдарыс мұнай бағасының құлдырауы мен ішкі және сыртқы күштердің астыртын әрекетінен» деп отыр.

«Николас Мадуро халықты тастап, конституцияға опасыздық жасады. Сондықтан Ұлттық ассамблея ол қызметін тастап кетті деп мәлімдеуге мәжбүр», - дейді Ұлттық ассамблеяның бірінші вице-президенті Фредди Гевара.