Венесуэла президенті Мадуроға қастандық жасалды

АСТАНА. KAZINFORM – Венесуэланың Монагас штатында мемлекет басшысы Николас Мадуроның өміріне қастандық жасамақ болған екі адам қамауға алынды.

Венесуэла президентіне қастындық жасалды
Фото: РИА Новости

«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер ондаған сарбаз жинап, қару-жарақтарын сайлап, бүлік ұйымдастыруды жоспарлаған.

Ұсталғандар – Ұлттық гвардияның дезертир-сержанты Ренцо Флорес және «Дело R» саяси ұйымының Уилфер Хосе Пинья. 

Венесуэланың бас прокуроры Саабтың айтуынша, олардың «Монагас үшін бірге» саяси ұйымының мүшелері екені белгілі болған. Ұсталғандардың ұялы телефондарын тексеру барысында қару-жарақ алу және бүлік ұйымдастыру үшін 50 сарбазды тарту туралы әңгімелер анықталған.

Венесуэла прокурорлары ұсталғандарға қылмыстық сөз байласу және кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағып отыр. 

Соңғы жаңалықтар