Венесуэла президенті Барак Обаманы айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ президенті Барак Обаманы ел үкіметін құлатуға әрекет жасады, деп айыптады. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.

Венесуэла президенті Барак Обаманы айыптады

«Обама менің үкіметімді құлатып, Венесуэла ісіне араласуға кірісті», деген ол. Оның мәлімдемесі жергілікті «El Universal» порталында жария болған.

Венесуэла президентінің айтуынша, АҚШ Латын Америкасын өз бақылауына алғысы келеді.