Венесуэла президенті Қытайдан инвестиция тартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Николас Мадуро дағдарысқа ұшыраған ел экономикасына инвестиция тарту мақсатымен Қытайға барды, деп хабарлады ВВС.

Венесуэла президенті Қытайдан инвестиция тартпақ

Венесуэла басшысының жұмыс сапары Бейжіңнен басталады, ол онда ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізеді.

Бұл сапарынан кейін Мадуро ОПЕК-ке мүше бірнеше елдің басшыларымен кездеспек. Венесуэлада рецессияның ұзаққа созылуына және мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты экономикалық ахуал нашарлап кетті. Елдің барлық қаржылық табысы «қара алтынға» байланысты.