Венесуэла президенті отставкаға кеткен жағдайда елді басқаратын мұрагерін таңдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарек Эль-Айссами Венесуэланың жаңа вице-президенті болды, деп хабарлады мемлекет басшысы Николас Мадурро.
"Мен Тарек Эль-Айссамиді республиканың вице-президенті етіп тағайындадым", - деп хабарлады ол министрлер кабинетінің интерактивтік отырысында.
Бұл қадам жаңа вице-президент егер Мадуро оппозициялық парламенттің талабымен отставкаға кетуге мәжбүр болған жағдайда, мемлекетті басқара алу үшін жасалды.
Елде инфляцияның жылдам өсуі, мұнайға әлемдік бағаның төмендеуінен туындаған ауыр экономикалық жағдай, сондай-ақ заңнамалық және атқарушы билік арасындағы дау-дамайдан орын алған саяси дағдарыс салдарынан жағдай ушыға түсуде, деп хабарлайды interfax.ru.