18:52, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Венесуэла Президенті У.Чавес қыркүйектің 9-10-ы күндері Ресейде болады
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Венесуэла Президенті Уго Чавес қыркүйектің 9-10-ы күндері жұмыс сапарымен Ресейде болады,
деп хабарлайды РБК агенттігі. Қыркүйектің 10-ында оның Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен кездесуі жоспарланған.
У.Чавес өзінің 11 күндік халықаралық туры аясында Ливияда, Алжирде, Сирияда, Иранда, Түрікменстанда және Беларуста болды. Ресей оның сапарының соңғы кезеңі болмақ. Турне аясында У.Чавес Италияда 66-ыншы Венеция кинофестивалінде болып, өзі туралы түсірілген Оливер Стоунның «Шекарадан оңтүстікке қарай» деректі фильмін тамашалады.