Венесуэла президенті Үкіметтің жаңа құрамымен таныстырды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Николас Мадуро жексенбі күні министрлер кабинетінің жаңа құрамын жария етті.
None
None

Сыртқы істер министрі лауазымы Элис Хауаның еншісінде қалып отыр. Адмирал Диего Молеро қорғаныс министрі болды. Ішкі істер және әділет министрі қызметі Мигель Родригес Торреске жүктелді. Ал жоспарлау және қаржы министрлігі енді екі ведомствоға айналды. Венесуэладағы Орталықбанктің бұған дейінгі президенті Нельсон Мерентеске қаржы министрлігінің тізгіні тапсырылса, Қаржы министрлігі бөлінгенге дейін оны басқарған Хорхе Джордани енді жоспарлау министрлігінің басшылығында болмақ.

Туризм министрлігіне жетекшілік еткен Алехандро Флеминг сауда министрінің орынтағына жайғасты.

Соңғы жаңалықтар