Венесуэла Ресей мен Қытайдың жаңа қару-жарақтарын сатып алмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла Әскери теңіз күштері жаңа қаруды Ресей мен Қытайдан алатын болды. Президент Николас Мадуро кеше Сулия штатында өткен жиында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
"Мен Ресей президенті Владимир Путин және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен осы жайында сөйлестім. Жақын арада комиссия еліміздің қорғаныс жүйесін күшейту үшін заманауи қаруды әкелуге барады", - деді Мадуро.
Внесуэла Президенті мәлімдемесінде әскери тәртіпті қатаң сақтап, америкалық империализмнің арандатушылығына ермеуге шақырды.
Мадуро жуырда Путинмен Бразилияда кездескен болатын, ал Си Цзиньпин осы аптада Венесуэлаға мемлекеттік сапарымен барды, делінген хабарламада.