Венесуэла үкіметі: Сайлау 30 күннің ішінде өтеді

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Венесуэла үкіметі жаңа президенттік сайлау, сейсенбі күні қатерлі ісіктен көз жұмған мемлекет көшбасшысы

Венесуэла үкіметі: Сайлау 30 күннің ішінде өтеді

Уго Чавестің өлімінен кейін 30 күннің ішінде өтетіндігін мәлім етті, деп жазды Би-Би-Си.

Елдің вице-президенті Николас Мадуро жаңа президент сайланғанға дейін мемлекет басшысының қызметтерін атқаратын болады.

Айта кетейік, Уго Чавес Венесуэла президентінің қызметіне 2012 жылдың қазан айында қайта сайланды. Ал 2013 жылдың 10 қаңтары күні ант қабылдауы тиіс болатын. Сырқатына байланысты ол мүмкін болмады. Елдің Жоғарғы соты бұл рәсім кейінге қалдырылуы мүмкіндігін айтты.