Венесуэлада әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Венесуэладағы Миранда штатында тікұшақ апатқа ұшырап, бортындағы 7 адам қаза тапты,деп хабарлайды El Nacional газеті.
Бұл тікұшақ Венесуэла қарулы күштерінің құрамында болған. Басылымның деректеріне қарағанда, мерт болғандардың бәрі - офицерлер. Үш капитан екі майор және екі подполковник.
La Patilla басылымының жазуынша, тікұшақ орманға құлаған кезде жарылыстар естіліп, қара түтін аспанға көтерілген.
Әуе апатының себеп-салдары айтылмай отыр. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің мерт болғаны жайлы әзірге ресми мәлімделген жоқ.