Венесуэлада есірткі тасымалдаушылардың екі ұшағын атып түсірді
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Венесуэла билігінің хабарлауынша, өткен демалыстарда шекараны заңсыз қиып өткен екі жеңіл ұшақ атып түсірілді.
Бұл елдің Қарулы күштері өкілдерінің айтуынша, мемлекет аумағына заңсыз кіруге талпынған ұшақтарды атып түсіруге шекарашыларға рұқсат беретін заң Венесуэлада қазан айының басында қабылданғаннан бергі алғашқы оқиға.
Бұл тұрғыда мәселенің мән-жайы есірткі саудалаушылардың жүк тасымалдайтын ұшағына қатысты болып отыр.
ВВС-дің жазуынша, Венесуэланың құқық қорғау органдары жыл басынан бері контрабандашылардың 11 әуе кемесін ұстаған. Алайда оларды ұстау кезінде ұшақтардың барлығы жерде болған.