Венесуэлада мұнай бағасының 20 долларға дейін құлдырайтыны туралы болжам жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэланың мұнай министрі Эулохио дель Пино егер мұнай өндіруді шектеу шаралары қолға алынбаса, 2017 жылы қыста отын бағасы барреліне 20 долларға құлдырайтынын ескертті. Бұл туралы ол 18 маусымда сенбі күні ТАСС-ұа берген сұхбатында мәлім етті.

Венесуэлада мұнай бағасының  20 долларға дейін құлдырайтыны туралы болжам жасалды

Осыған байланысты дель Пино қыркүйекте өтетін ОПЕК мүше-елдері мен тәуелсіз өндірушілердің кездесуінде Каракас осыған орай жаңа ұсыныстарын ортаға салатынын айтты. Атап айтқанда, әрбір өндіруші-ел үшін өндірудің өз диапазонын белгілеу көзделеді. 

«Бұл ұсыныс мұнай өндіруді ұстап тұру мен елдер квотасы жүйесінің арасындағы мәмілелік нұсқа болмақ. Біз қалай болғанда да ортақ шешім іздестірудеміз. Бұл сондай-ақ ОПЕК-те бұрын қолданылып келген баға диапазонынан басқаша болады», - деп түсіндірді дель Пино.

Министр сондай-ақ ОПЕК нарықтың  мұнай бағасына бақылау жасауына жол бермеуі тиіс, деп атап өтті, өйткені бұл ресурс қалпына келмейді. «Мұнай қымбаттап барады. Мұнай өндіру барған сайын инвестицияларды көбірек құюды талап ентуде. Мұнай бағасының қалай-солай жасақталуы мүмкін емес. Мұнайды бұл деңгейден төмен бағамен сатуға болмайды», деді ол.

2016 жылдың басында Ресей әлемдік нарық тұрақтануы үшін мұнай өндіру өсімін  қаңтар-ақпандағы деңгейде ұстап тұруға әзір екенін мәлімдеді. Алайда Ресейдің және ОПЕК мүшелерінің қатысуымен өткен мұнай державалары өкілдерінің кездесуінде бұл жөнінде уағдаласудың реті келмеді.

Сауд Арабиясы Иранның қатысуынсыз қандай да бір құжаттарға қол қоюдан бас тартты: Иран Ислам Республикасының өкілдері Дохаға келген жоқ.