Венесуэлада наразылық шерулері кезінде қаза болғандар саны 35-ке жетті
Экдер Луго есімді шерушіні Валенсияда полициямен қақтығыс кезінде сақшылар атып тастаған. Бұл туралы қала мэрі Энзо Скарано Твиттердегі парақшасында хабарлаған еді.
Ал Рейтер агенттігінің есебі бойынша, қаза тапқандар саны 37 адамға жетсе, Франс пресс агентігі 36 адам қаза болды деп санайды.
Жалпы, қақтығыс кезінде 717 адам жарақат алған. Тұтқындалған бірнеше жүз адамнан қазір тек 152-сі түрмеде отыр. Қалғандары шығарылған.
Еске сала кетейік, биыл сәуір айының басынан бері елде Үкіметке қарсы шерулер болып келеді. Наразылық кей-кейде қанды қақтығысқа ұласып кетіп тұр.
Оппозиция өкілдері ел президенті Николас Мадуроның қазіргі Ұлттық ассамблеяны таратып, конституцияға өзгеріс енгізу өкілеттігі берілетін жаңа парламент құру туралы шешіміне қарсылық белдіріп келеді.