Венесуэлада тікұшақ апатынан аман қалған 13 адам табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 30 желтоқсанда Венесуэланың оңтүстігінде жоғалып кеткен әскери тікұшақ апатынан кейін кемінде 13 адам аман қалды.
Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына экипаж мүшелерінің туыстары мен жолаушылар хабарлады.
Бұдан бұрын Венесуэла әскерилеріне тиесілі Ми-17 тікұшағы құлаған кезде 16 адам қаза тапты, оның 11-і әскери қызметші делінген болатын. Ел үкіметі қаза болғандар жайлы ақпаратты растаған жоқ.
Белгілі болғаны, билік орындары әлгілердің туыстарына хабарласып, апатқа ұшыраған тікұшақтағы адамдардың тірі екенін айтқан. Дәрігерлер оларды Ла-Эсмеральда (Амасонас штаты) қаласында тексеруде, деп хабарлады РИА Новости.