Венесуэлада - төтенше жағдай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Николас Мадуро да Колумбиямен шекаралас бірнеше аймақта 60 күндік төтенше жағдай жариялады.
Мұндай шара жақында Венесуэла әскеріне жасалған шабуылдан кейін қолға алынды. Белгісіз 2 адам мотоциклмен келіп, оқ жаудырған. Шабуыл кезінде 3 сарбаз бен бір жергілікті тұрғын жарақат алды. Осы оқиғаның алдында ғана әскерилер контрабандалық тауарлар тиеген күдіктілерді қамауға алған болатын. Венесуэла басшысы 14 қыркүйекке жоспарланған екі елдің Сыртқы істер министрлерінің кездесуін тез арада өткізуге шақырды, деп хабарлайды 24.kz.