Венесуэлада туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады

МӘСКЕУ. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат – Венесуэланың оңтүстік-батысында туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырады. Бір бала қаза болды, жеті адам жарақаттанды. Зардап шеккен үш адам ауыр халде ауруханада жатыр,

Венесуэлада туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттіне сілтеме жасап. Бортында ағылшын туристері болған кішкентай ұшақ ұшыру-қондыру алаңынан сегіз шақырым жерге Канайма ұлттық саябағына құлаған. Апат себептері әзірге анықталған жоқ.