08:01, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Венесуэлада Уго Чавес туралы балет қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэланың бұрынғы президенті, марқұм Уго Чавеске арналған балет қойылмақ, деп хабарлады The Guardian. Либреттоның негізіне Чавестің өмірінен алынған оқиғалар арқау болды.

Балет сенбі, 29 қараша күні Каракаста көрсетіледі. Ол Чавестің саяси мансабының басталуына әкелген революцияның 22 жылдығына орайластырылған.
Мемлекеттің қаржыландыруымен қойылатын спектакльде Чавестің ұлт көшбасшысы ретінде тәтті сатушысынан бастап Венесуэла халқының құқықтары үшін күрескен қайраткерге дейінгі қалыптасу кезеңі көрсетіледі, дейді балетті қоюшылар.
Спектакльде Чавестің көпшілік алдында сөйлеген сөздерінен үзінділер де алынған. Бұдан бұрын қойылым жыл басында көрсетілді. Оған 40-тан астам әртіс қатысты.
Уго Чавес 1999-2013 жылдар аралығында Венесуэланың көшбасшысы болды. Ол өткен жылдың наурыз айында қатерлі ісіктен көз жұмды.