Венесуэлада үш тонна кокаин тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэланың арнайы қызметі Колумбиямен шекара маңында үш тонна кокаинды тәркіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ұлттық есірткіге қарсы қызмет басшысы Алехандро Келерис мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Венесуэлада үш тонна кокаин тәркіленді

Оның айтуынша, есірткілер Сулия штатында контрабандашылар лагерінде қолға түсірілді. Венесуэлалық 50 әскери қызметші контрабандистер лагеріне жақындап қалғанда олар тропикалық орман арқылы Колумбия аумағына қарай із суытқан. Әскери қызметшілер кокаин өндіретін бес зертхана мен есірткі сақталған қойманы тапты.

Келеристің мәліметіне қарағанда, Венесуэлада жыл басынан бері 12 тонна, ал 2013 жылы - 46,8 тонна есірткі тәркіленген.