Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Венесуэлада жүздеген мың адам ел президентінің биліктен кетуін талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каракаста жүздеген мың адам наразылық шеруіне шығып, президент Николас Мадуроның биліктен кетуі жөнінде референдум өткізуді талап етті, деп жазады 24.kz.

Венесуэлада жүздеген мың адам ел президентінің биліктен кетуін талап етті

Бұл соңғы 10 жылда Венесуэлада ең көп халық жиналған наразылық шарасы болды. Шеру аяқталғаннан кейін бірнеше адам полициямен қақтығысып қалды. Тәртіп сақшылары наразы топқа қарсы газ қолданған. Тәртіпсіздікке қатысқан 10 шақты адам қамауға алынды.

Венесуэла соңғы кездері ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Бюджет кірісінің басым бөлігін құрайтын мұнай бағасы құлдырағаннан кейін елде инфляция деңгейі артып, ең қажет тауарлар тапшы бола бастады.