06:00, 01 Тамыз 2017 | GMT +5
Венесуэладағы наразылық шаралары кезінде 121 адам құрбан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуір айында Венесуэла билігіне қарсы наразылық шаралары кезінде 2 мыңға жуық адам жарақат алды.

Венесуэланың бас прокуроры Луиса Ортега Диас 4 айңа жуық уақытқа созылған наразылық шаралары кезінде елде 121 адам құрбан болып, 2 мыңға жуық адам жарақат алған, деп хабарлайды Риа Новости.
«Соңғы 4 айда бізде көңіл жабырқатарлықтай жағдай қалыптасты. 121 венесуэлалық өмірімен қош айтысып, 1958 адам ауыр жарақат алды»,-деп мәлімдеді Ортега Диас баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, Ұлттық құрылтай мәжілісінің сайлауына 1 күн қалғанда 10 адам өлтірілген.
Айта кетейік, 30 шілдеде Венесуэлада Ұлттық құрылтай мәжілісінің сайлауы өткен. Кандидаттардың біреуі де оппозиция өкілі емес болып шықты. АҚШ өкілдері бұл сайлауға қарсы шығып, Венесуэла президенті Николас Мадураға елде демократияны құртқаны үшін санкция қолданды.