Венесуэлалық тұтқындардың қақтығысынан он адам қаза тапты

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Каракастың оңтүстік батысынан 130 шақырым жерде орналасқан Венесуэланың Токорон түрмесінде бір-біріне қарсы екі топтың қақтығысына әкеліп соқтырған ірі тәртіпсіздіктер орын алды. Бірнеше сағат бойы мекеме ішінде болған төбелес салдарынан ең кемінде он адам опат болып, 15 жазасын өтеуші жарақаттанған. Түрме қызметкерлері арасынан жарақаттанғандар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі.
None
None

Жанжал ішінде қару қолданылған. Жергілікті БАҚ-тар абақты маңында бірнеше жарылыс болғанын да жазған.

Соңғы жаңалықтар