Венесуэланың мұнай өңдеуші зауытында жарылыс болды

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Венесуэладағы мұнай өңдеуші зауытта газдың жарылуы салдарынан жеті адам қаза тапты, ал 48-і жараланды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жазады.

Венесуэланың мұнай өңдеуші зауытында жарылыс болды

Lenta.ru хабарлағандай, оқыс оқиға таңертең Амуай портты қаласына жақын жердегі Парагуана түбегінде орналасқан Paraguana Refining Center мұнай өңдеуші зауытында болған. Қолда бар мәліметке сүйенсек, жарылыс газдың ашық қалуы салдарынан болыпты. Апаттың себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік жағдайдың бақылауда екенін және қайталама жарылыс болмайтынын айтып, халықтың үрейін басты.

Айта кетейік, жарылыс кәсіпорын инфрақұрылымы мен зауытқа жақын орналасқан үйлерге айтарлықтай зиян келтірді.