Венесуэлланың ірі мұнай өңдеуші зауытына найзағай түсіп, өрт шықты
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Венесуэлла билігі Кариб теңізінің жағалауындағы Пуэрто-ла-Крус қаласының ірі мұнай өңдеуші зауыттарының бірінде болған өрттің салдарынан адамдарды шығара бастады, деп хабарлады Би-Би-Си.
Зауыт өкілдерінің ақпараты бойынша, өрттің орын алуына өндіріс қалдықтарының техникалық су қоймасына түскен найзағай жарқылы себеп болған, деп хабарлады РБК.
Жалын 30 метр биіктікке көтеріліп, кәсіпорынның аумағы қою қара түтінге оранған. PDVSA Венесуэлла мұнай компаниясының хабарлауы бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Билік өкілдері өртті алдағы бірнеше сағаттың ішінде ауыздықтауға болады деп отыр.
Пуэрто-ла-Крус қаласындағы мұнай өңдеуші зауыт күніне 200 мың барр. мұнай өндіреді. Кәсіпорын қаланың ішінде орналасқан.