Венецияда өзгенің кемесін мініп кеткен әйел көпірге соғылды
АСТАНА. KAZINFORM — Венецияда ұрланған жүк қайығына қатысты оқиға болды: әйел курьерлік қызмет кемесін айдап кетіп, Риальто көпіріне соқтығысты, деп хабарлайды ТАСС.
Соққы көпірдің түбіндегі бірнеше бағанға тиді, мәрмәр балюстрадалардың бірі қатты зақымданды.
Әйел қашып, ізін жасыруға тырысқанмен, полиция оны тез арада ұстады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайықтағы жүктің біразы Үлкен канал суына құлап кеткен.
Әйел әрекетінің себебі мен шығын көлемі әлі жарияланған жоқ.
Өткен жылы Венеция туристер ағынын шектеуге бағытталған эксперимент аясында елге кіруге ақы алған әлемдегі алғашқы ірі туристік қала болды.
Алайда бастама келушілер санына әсер еткен жоқ, керісінше қалаға шамамен 2,4 миллион еуро табыс әкелді — бұл күткен көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.