Венецияда туристер мінген автобус өртеніп, 21 адам қаза тапты
Туристерді кэмпингке апара жатқан автобус эстакададан құлап, өртенді. Салдарынан 21 адам қаза тауып, 15 жолаушы жарақат алды. Қаза тапқандар қатарында екі бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап.
Венецияда құрбан болғандар қатарында Хорватия, Украина, Германия және Франция азаматтары бар.
Жалпы көлік апатынан 21 адам мерт болды, оның ішінде 2 бала бар. Тағы 15 жолаушы жарақат алды, төртеуінің жағдайы ауыр.
Кеше кешке туристерді тасымалдап бара жатқан автобус теміржол маңында 10 метр биіктен құлап, өрт тұтанған.
«Автобус он метрден астам биіктегі жолдан құлаған. Бұл аккумулятормен жұмыс істейтін электробус болғандықтан өртеніп, автобус ішіндегі адамдар қызыл жалынға оранған. Өрт сөндірушілер көрген көрініс өте ауыр, өте қорқынышты болды», — деді Венеция өрт сөндірушілер командирі Марио Луонго.
Автобус Маргера коммунасы ауданында кэмпингке бара жатқан.
Болжам бойынша, апатқа 40 жастағы жүргізушінің жағдайы себеп болған.
Полиция дерегінше, оқиға орнында көлікті тежеу ізі байқалмады.
Қайғылы оқиғаға байланысты Венеция мэрі Луиджи Бругнаро қалада аза тұту күнін жариялады.
Death toll from #Venice, #Italy bus crash rises to 21, several others still unaccounted for - ANSA pic.twitter.com/OEauN1kFlw
— Siraj Noorani (@sirajnoorani) October 4, 2023