Венгрия әскерилерді Сербиямен шекаралас ауданда топтастырып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның Сербиямен шекарасындағы Рёске кентінде әскери қызметкерлердің саны күрт артты, деп хабарлайды РИА «Новости». Қолдарына автоматтар ұстаған бірнеше ондаған әскерилер босқындар ағыны үлкен Рёске кентінде (Чонград облысы, Венгрия) шекарада тізіліп тұрды. Олардан алыс емес жерде көліктер тұр.

Венгрия әскерилерді Сербиямен шекаралас ауданда топтастырып жатыр

15 қыркүйекке қараған түні Венгрияда өткен аптада қабылданған босқындар мен шекара туралы заңдар тобы өз күшіне енеді. Енді шекара арқылы заңсыз өту түрмеге отырғызу немесе депортациялау жазасы берілетін қылмыс болып есептеледі. Бұдан басқа, заң бұзушыларды шекара арқылы тасымалдап жүрген контрабандашыларды жазалау күшейтіліп отыр.